Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"10 млн теңге". Семейлік блогер екі жыл бойы жолсеріктерді бопсалап келген

14:47, 28 сәуір 2024 392

Семейде блогер 25 жолсерікті екі жыл бойы бопсалап, ақша алып отырған. Бұл туралы alash.kz сайты КТК телеарнасына сілтеп хабарлайды. 

Белгілі болғандай, жергілікті тұрғын 2 жыл бойы жолсеріктерді қорқыту арқылы ақша алып отырған. Семейден қатынайтын жолаушылар пойызына мініп, қызметкерлерді масқаралайтын видео түсірген. Өзін блогер және қоғам белсендісі ретінде таныстырып, әлеуметтік желіге жариялаймын деп қорқытқан. Сосын теміржол қызметкерлері қорыққандықтан ақша берген.

Осылайша, блогер екі жыл ішінде 10 миллион теңгеден астам ақша алған. Бопсалаушының бұл әрекетінен 25 жолсерік зардап шеккен.

"Қылмыстық кодекстің 58 бабы 3-бөлігі бойынша жеңіл жазаны ауыр жазаға ауыстырып, 3,6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтесін. Жаза үкім заңды күшіне енген күннен бастап есептелсін", – деді судья.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар