Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“100 мың теңге”: Қазақстандықтарға өтемақы беріледі

06:09, 10 ақпан 2024 200
Алаяқтар "Қазақстандықтарға 100 мың теңге төленетіні" туралы фейк ақпаратты тарата бастады, деп хабарлайды Alash.kz порталы stopfake.kz сайтына сілтеме жасап. 

Facebook-те қазақстандықтарға мемлекеттен 100 мың теңге мөлшерінде өтемақы төленетіні туралы жарнамалық ақпарат тағы да шықты. Яғни, бұрын төленген қаражат қайтарылады, бірақ қандай қаржы екені нақтыланбайды.
"Бұл хабарландыру – фейк. Бұл – белгілі алаяқтық схема. Адамдардың ақшалай қаражатына қол жеткізу үшін алаяқтар Facebook-те Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің атынан парақша ашқан. Онда ведомство жаңалықтары да, пайдалы ақпарат та жоқ", - делінген ақпаратта.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар