Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

1000-нан аса спортшы қатысқан жарыста қазақ қызы Жібек Құлымбетова 8 дүркін әлем чемпионы атанды

08:53, 27 тамыз 2024 3014

Алматы облысының спортшысы Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан 8 дүркін әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

16 жастағы Жібек Құлымбетова Астанада өткен "Ju-Jitsu Youth World Championship Astana 2023" жарысында топ жарып, алтын медаль иеленді. Осылайша, спортшы джиу-джитсудан 8 дүркін әлем чемпионы атанды. 48 салмақ категориясы бойынша сынға түскен спортшы Өзбекстан, Ресей, Тайланд, БАӘ елдерінен келген қарсыластарын жеңді.

"Джиу-джитсудан әлем чемпионаты елімізде алғаш рет өткізіліп отыр.Халқымның алдында өнер көрсету оңай болмады. Қатты қобалжығаным рас. Алтын иеленіп, маған сенген жұртымның үмітін ақтағаныма қуаныштымын",- деді жеңістен кейін Жібек Құлымбетова.

Жалпы,халықаралық шараға 42 мемлекеттен 1000-нан аса спортшы қатысты.

Айта кетерлігі, Жібек Алматы облысына қарасты Іле ауданының тумасы. 9 жастан бері спортпен кәсіби түрдк айналысады. Бүгінде ҚР спорт шебері, Б. Момышұлы атындағы "Намыс" төсбелгісі мен "Дара бала" медалінің иегері. Талай халықаралық додалар жеңімпазы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар