Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“11 А” виньеткасы күшті шығыпты: Олимпиада формасы сынға қалды

17:57, 16 шілде 2024 766

Спортшыларымыз жарысқа дайындалып жатқанымен, желі қолданушылары Олимпиада құрамаларының формасын сынға алды. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтеп

Қазақстан құрамасының киім үлгісі екінші байқаудан кейін ғана мақұлданды. Себебі бірінші байқаудың қорытындысы бойынша комиссияның бірде-бір эскизі ұнамаған көрінеді. Осылайша туризм және спорт министрлігі киімдерді испаниялық Joma компаниясы тігеді деп уәде берді.

Қазақстандықтардың басым бөлігі олимпиадаға қатысатын әйелдер мен ерлер костюмдерінің соңғы нұсқасын таяуда президенттің қабылдауындағы фотолардан ғана көрді. Осы ретте оқырмандар Олимпиада формасын мектеп формасына балап, талғамсыз әрі нашар тігілген деп пікір жазды.

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова да отандастарымыздың формасына қатысты пікір білдірді. Дүйсеновадан журналистер “Жазғы ойындарға қатысатын спортшыларға дизайнерлер неге қысқы бас киімдер тігіп берген? деп сұрады. 

"Менің ойымша, бұл – жақсы форма. Әр елге өз киім формасы ұнайды. Бізге өзіміздікі ұнап тұр. Әріптестер, бұл қарапайым форма. Одан да жақсы нәтиже күтейік", – деді Дүйсенова.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар