Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

14 жыл бұрын журналисті өлтірген адам анықталды

10:15, 04 наурыз 2022 285
 

Бұған дейін қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінген қылмыс серкесі Серік Жаманаев екі адамды өлтіргенін мәлімдеді.

Қылмыстық ортада «Серік Голова» лақап атымен танымал қылмыс серкесі 2007 жылы журналист Оралғайша Омаршанованы өлтіргенін мойындады.

Время басылымның хабарлауынша, Серік Голова ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген жедел іс-шаралар кезінде кінәсін мойындаған. Оны қарақшының жұбайы мен адовкаты бұл қадамға итермелеген.

Жаманаев «Заң және әділеттілік» газеті журналисі Омаршанованың денесін қайда жерлегенін көрсетіп берген. Сондай-ақ, ол тағы бір бәсекелесін жолдан алып тастағанын айтқан.

Тергеу изоляторында отырған кезде Серік Жаманаевқа соңғы деңгейдегі бауыр қатерлі ісігі диагнозы қойылып, артынша ол дін жолына түскен.

Серік Голова деген кім?


1996 жылы Серік Жаманаевтың аты Сочиде қылмыс әлемінің серкесі Сергей Михайловтың (Михась) қолдауымен шыға бастаған. Ол КСРО ыдырағаннан кейін өз атын шығарған қарақшылардың бірінші толқыны еді.

Еске салсақ, 2021 жылы 18 қаңтарда Алматы соты оны «Башка» атты ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны үшін 19 жылға сотталған.

Айта кетсек, 2007 жылы 30 наурызда Алматыда журналист Оралғайша Омаршанова із-түзсіз жоғалып кеткен. Журналист сол кездері Жезқазғандық бандиттік топтарды зерттеумен айналысып жүрген. Соңғы рет ол белгісіз қара көлікке мінген кезде көзге түскен. Одан кейін журналистен хат-хабар болмады.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар