Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қайырымды таксиге» мініңіз!

02:52, 16 желтоқсан 2022 200
 



Енді сіз мобильді қосымша арқылы қымбат қызмет түрін құсынатын такси жүргізушілерінен күніңіз түсе қоймайды. Себебі «Қайырымды жан» қоғамдық қайырымдылық қоры халықтық жоба ұсынады. ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Қайырымды жан» қоры «Қайырымды такси» отандық мобильді қосымшасын іске қосады. Еліміздің Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Орал, Ақтөбе қалаларының тұрғындары 16 желтоқсаннан бастап «Қайырымды такси» мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді бағаға отандық такси шақырып, пайдалана алады. Жобаның мақсаты - такси қызметінен түскен ақшаға «Қайырымды жан» қайырымдылық қоры еліміздегі тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға, әлеуметтік жағдайы жоқ жалғызбасты, көпбалалы аналарға, науқас балаларға қол ұшын беріп, көмек көрсету. «Қайырымды жан» қоғамдық қоры бұнымен қоса «Қайырымды такси» жүргізушілерін жұмыспен қамтиды.

 

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар