Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

15 мың қазақстандыққа елден шығуға тыйым салынды

07:02, 23 ақпан 2024 396
Қазақстанда былтыр алимент төлемегені үшін 6 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 300-ге жуық іс сотқа жолданды.

24 kz ақпаратынша, қазақстандықтардың алимент төлемеуінің басты себебі - жұмыссыздық немесе мүлкінің болмауы екен.
"Сонымен қатар кейбір алимент төлеушілер нақты қаржылық мүмкіндіктері болса да балаларын асыраудан әдейі қашады немесе мүлкін жасырады. Алимент өндіру бойынша сот орындаушылар барлық шараларды қолданады. Кей жағдайларда борышкердің тұрақты табысы мен мүлкінің болмауына байланысты алимент өндіру қиынға соғады", - дейді әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Әділет министрлігінің мәліметі бойынша, алимент төлемеген 15 мыңға жуық азаматқа елден шығуға тыйым салынды. Жақында Қазақстанда мемлекеттік алимент қорын құру ұсынылды.

Фото: rsk.almaty.kz
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар