Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Челах "Арқанкерген" құпиясын аша ала ма?

08:28, 22 желтоқсан 2022 261
«Арқанкерген» шекара заставасында 15 адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челах Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінді. Ол 10 жыл бұрын дәл сол күні не болғанын айтуға дайын.

Қазақстанның Бас прокуратурасы бұл өтінішті естімеген, бірақ тиісті нұсқау болса, қарауға дайын екенін айтты.
– Өкінішке қарай, менде Челахтың өтініш жасағаны туралы ақпарат жоқ. Сондықтан қазір түсініктеме бере алмаймын. Бірақ ондай өтініш болса, оны қайта қарап, жауабын берейік, – деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев Мәжіліс алаңында.

Азаттық радиосы редакциясына хатты Челахтың туыстары тапсырған. Ол өз өтінішінде тергеуді қайта бастауды сұрайды.

«Құрметті Президент, қаншама жылдар өтсе де, мен қайғылы оқиғаның барлық көрінісін ашуға дайынмын, кінәлілердің барлығы жазалануы керек. Мен көп нәрсе сұрамаймын, тек айтуға мүмкіндік беріңізші. Мен бәрін бұрынғыдай айтқым келеді және дайынмын. Бейтарап болатын тергеушілерге барлық айғақтарды беруге дайынмын. Болған қайғылы оқиғаның шынайы бейнесі ашылмаған күйінде қалды» делінген хатта.

Еске салсақ, 2012 жылдың 28 мамырында Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан «Арқанкерген» өткізу бекетінде 15 адам қаза тапқан болатын. Тергеу кінәлі ретінде қарағандылық жауынгер Владислав Челахты айыптады. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды. 2013 жылдың наурыз айынан бері Челах Қостанай облысындағы Жітіқара қаласы маңындағы ерекше режимдегі колонияда қамауда.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар