Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұлттық банк пен "Қазақстан қор биржасы" бірлескен мәлімдеме жасады

03:42, 09 наурыз 2022 242
9 наурызда Қазақстан Ұлттық банкі "Қазақстан қор биржасы" АҚ-пен бірлесіп теңге - АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Alash.kz басылымы тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, теңге - АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық 9 наурызда астана уақыты бойынша сағат 15:00-де ашылады және Франкфурт аукционы форматында жүргізіледі.

Бұл шешім жоғары құбылмалылық аясында валюта нарығының тұрақсыздануына және сыртқы факторлар тарапынан қысым жасауға жол бермеу мақсатында қабылданды.

Теңге - АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттықтың бұдан былайғы режимі туралы ақпарат ресми байланыс жасау арналары арқылы уақтылы жеткізілетін болады.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар