Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

400-ден астам медициналық ұйым 82,3 млрд теңге қарызға батқан

07:10, 22 ақпан 2024 282
Қазақстандағы медициналық ұйымдардың қарызы 82,3 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді. 

Министрдің айтуынша, Қазақстандағы 400-ден астам медициналық ұйымның созылмалы кредиторлық берешегі мәселесін жедел шешу қажет.
Мемлекеттік медициналық ұйымдардың өзін ақтау деңгейін қамтамасыз ете отырып, олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылданады. Бұл міндетті облыстық денсаулық сақтау басқармасының бақылауымен медициналық ұйымдардың бірінші басшылары шешуі тиіс, ұлғайту залады тарифтер бойынша жүргізіледі, деді министр.

Сонымен қатар ол, қарызға батқан ұйымдардың басшыларын жауапкершілікке тартуды тапсырды.
Кредиторлық берешектің қалыптасуы мен өсуіне жол берген медициналық ұйымдардың бірінші басшыларын субъективті себептер бойынша тәртіптік және өзге де жауапкершілікке тартуды тапсырамын, - деді Әлназарова. 

 

Фото: ҚР Денсаулық министрлігі
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар