Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

50 мың қол жинады: ЛҒБТ нәсихатына қарсы петиция Балаеваға жолданады...

11:15, 17 маусым 2024 425

Бір қызығы, мұндай шектеулер Қазақстанның имиджіне нұқсан келтіреді деген белсенділер шығып жатыр деп жазады Fragment. Олар петиция авторларының бастамасын Ата заңға қайшы деп санайды.

Петиция авторлары - Қазақстан ата-аналар одағы. Одақ белсенділері "Қазақстанда ЛҒБТ нәсихатына қарсымыз" дейтін шағымды E-Petition.kz порталында орналастырған. Аздаған уақытта 50 мың қол жинаған құжат біздің білуімізше, Ақпарат министріне жолданған.


Ресми петицияларды қарау жүйесі Қазақстанда салыстырмалы түрде соны құбылыс. Осы уақытқа дейін тек үш петиция қажетті қол жинады. Соның бірі - атышулы Бишімбаевтың ісі. Салтанат Нүкенованың өлімі отбасылық зорлық-зомбылық туралы заңның қабылдануына алып келді.

Петицияға ұйытқы болғандардың бірі - Бағила Балтабаева.

"Біржынысты махабаттың жақтастары өз қатарына жастарды тартқысы келеді. Жыныстық қатынастардың қазақ қоғамына жат стандарттарын енгізуге ұмтылады. Ал дәстүрлі құндылықтарды ескіліктің белгісі деп қарастырады",- дейді ол.

Мұндай шектеулер Қазақстанның имиджіне нұқсан келтіруі мүмкін деген белсенділердің өз аргументі бар. Белгілі феминист Әйгерім Құсайынқызының айтуынша петиция Конституцияда бекітілген негізгі құқықтарды табанға таптап отыр.

"Адамды сексуалды ориентирі мен гендерлік иденттілігі үшін қудалау құқық бұзудың өрескел көрінісі. Адам құқын қорғайтын елдердің қатарында қалғымыз келсе, мұндай заң қабылданбауы керек", - дейді ол. Белгілі адвокат Халида Әжіғұлова да белсендінің сөзін сөйлеп отыр.

"Мұндай бастамаға 50 мың адамның қол қойғаны өте-мөте қауіпті құбылыс. Шынайы демократиялық қоғамда адамды адамға айдап салуға болмайды..." - дейді ол.

Fragment бұл іске төрелік айтудан аулақ. Десе де, қазақ қоғамы "ғомосексуалды мазмұны" бар контенттің ешбірін қабылдамайтынын түсіну керек.

"Дәстүрлі емес қарым-қатынастардың" пропағандасымен айналысатын бірқатар белсенділердің талпыныстарын қазақтілді орта дер кезінде тежеп отырды. Айталық, биылғы жылдың қаңтарында ЛҒБТ қауымдастығына арналған selftanu.kz сайты "өскелең ұрпақтың санасын улайтын ақпарат" орналастырғаны үшін дереу бұғатталған.

Айтқандай, көрші Ресейде жақында "ЛҒБТ нәсихатына" тыйым салу туралы заң қабылданып, осы істің басы-қасындағы белсенділерге қатысты әкімшілік істер қозғалған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар