Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

7 жыл бойы Қайрат ағамның басынан көп қиындық өтті - ӘЙГЕРІМ САРКЕНОВА

21:39, 16 шілде 2024 620

Қайрат Нұртастың інісінің әйелі Әйгерім Саркенова өз инстаграм парақшасында Қайрат Нұртасқа қолдау білдірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Paryz.kz. сайтына сілтеме жасап.

Әйгерім Саркенова жұлдызды әулетке түскен сынақ туралы жан сырын Instagram-дағы парақшасында ақтарды. Айдарбекованың келіні қайын ағасы бұл жағдайды да еңсеріп шығатынына сенімді.

Сөзінше, Қайрат Нұртас бұған дейін көптеген әділетсіздікке ұшыраған.

"Қоғамдық орындарда бейтаныс адамдар келіп, отбасымызға қолдау білдіріп жатыр. Барлықтарыңызға алғысым шексіз. Бұл кезекті сынақ деп қабылдаймыз. Осы жеті жыл ішінде ағамыздың басынан көптеген ауыр әрі әділетсіз жағдайлар өтті. Сынақтарға қарсы иммунитеті қалыптасып кеткен. Ол кісіге қарағанда ата-анамыз қатты уайымдап отыр. Өз еліңді мойындату оңай емес екенін енді түсіндім. Ағамыз жайлы ел арасында түрлі негатив пен даулы мәселелер айтылып жатса да, ол оның ешбіріне мән бермей, барын салып еңбектеніп, халыққа өзін дәлелдеп тастады. Ол кісіден үйренетін жақсы қасиеті бар. Ағамыз басына қандай жағдай түспесін әркез бәрін жымиып қарсы алады. Өмірлік сынақтарды сабырмен еңсереді. Аға, сізге тек зор денсаулық тілегім келеді. Аман болыңызшы", - деп жазды Саркенова. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар