Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

700 млн теңге: Жамбыл облысының аудан әкімдігі негізсіз жұмсамақ болған

10:14, 31 мамыр 2024 547

Жамбыл облысының прокуратурасы 700 млн теңгеден аса бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуын алдын алды, - деп жазады Alash.kz.

Қордай ауданының прокуратурасы бюджет заңнамасы саласында жүргізген талдау нәтижесі бойынша аудан әкімдігі қызметінде бұзушылықтарды анықтады.

Жергілікті атқарушы орган растайтын қажетті құжаттарсыз және негіздемесіз бюджеттің шығыс бөлігіне 700 млн теңгеден аса қаражатты енгізген.

Мысалы, әкімдік шығыс бағанасына су құбыры люктерін орнатуға 67 млн теңге қаражат қарастырған. Алайда шығынның осы бағытының экономикалық негіздемесі айқындалмаған.

Нәтижесінде прокурорлық қадағалау актісімен 700 млн теңгеден астам бюджет қаражатының жұмсалуы алдын алынды деп жазды Dalanews.kz.

Заң бұзушылықтарға жол бергені үшін 6 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар