Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

77 млн теңге қарызы бар жүргізуші ұсталды

12:33, 07 мамыр 2024 778

«Қорғау» бағдарламасы арқылы қалалық полиция департаменті жедел басқару орталығының қызметкерлері төленбеген қарыздары бар көлік жүргізушісі туралы сигнал алды.

«Hyundai» маркалы көлік иесінің атқарушылық іс жүргізу бойынша 77 миллион теңге берешегі бар екені анықталды, деп хабарлайды alash.kz OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Түркістан көшесіндегі көлікті ұстау үшін патрульдік полиция қызметкерлері бағытталды. Төлеуден жалтарған азаматқа борыштарын өтеу туралы ескертілді.

Ал темір тұлпар айыптұраққа қамалды. Азамат оны қарыздарын төлеген соң қайтара алады.

Айта кетейік, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында «Қорғау» қосымшасы жалған нөмірлер, өтелмеген қарызы бар азаматтар мен басқа да заң бұзушылықтарға жиі жол беретін қауіпті жүргізушілерді анықтайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар