Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

945 752 теңге: Қазақстанда ең жоғары зейнетақыны кім алады?

16:24, 24 маусым 2024 587

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 1 маусымдағы жағдай бойынша, қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, қор ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасын жариялады, - деп хабарлайды Alash.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеп.

Қор мәліметінше, 1 маусымдағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке және шартты шоттарында 19,2 триллион теңге жиналып, 5 айда 1,4 триллион теңгеге (немесе 7,7 пайызға) ұлғайған. Зейнетақы жинақтарының жылдық өсімі 3,4 триллион теңгеден асады (21,5 пайыз).

Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты БЖЗҚ-дан төленетін орташа айлық төлем 133 921 теңгеге, ал ең жоғары айлық төлем 945 752 теңгеге тең болған.

Айта кетейік, БЖЗҚ мамырда Қазақстандағы ең жоғары зейнетақының мөлшерін жариялаған болатын. Ол кезде де дәл осындай сома болған – 945 752 теңге.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар