Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«96 сағат ішінде қоршауға алады».АҚШ Киев қашан құлайтынын айтты

05:27, 25 ақпан 2022 294
 



АҚШ Ресей Украинаны үш күнде басып алады деген болжам жасады. Олардың айтуынша, көпұзамай Украина қарсыласуын қояды.

Newsweek мәліметі бойынша, мұндай пікірді Ресеймен ұзақ жылдар бойы тығыз байланыста болған барлау қызметінің бұрынғы аға офицері білдірген.
«Авиация мен артиллерия аяқталып, нағыз жер үсті соғысы басталғаннан кейін, менің ойымша, Киев бірнеше күннен кейін құлайды. Әскерилер біраз уақыт қарсылық көрсетуі мүмкін, бірақ бұл көпке созылмады» деді ол.

Сондай-ақ, бұл болжаммен Украина президенті Владимир Зеленскийге жақын дереккөзде келіскен.

Оның айтуынша, украиналықтар Зеленский билігі құлайтынына аса сенбейді екен. Ол Украина Ресейдің құрсауынан шыға ала ма, жоқ па деген сауалға жауап беру әлі ерте екенін айтқан.

Қазіргі таңда Украина Херсон облысындағы билігін жоғалтқан.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар