Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астаналық жігіт тұрғын үй лифтінде 15-жасар балаға шабуыл жасаған (видео)

13:24, 29 қараша 2024 269

Кеше шамамен сағат 22:10-да, Астана қаласының Сәтпаев көшесіндегі 31-үйде кісі шошырлық оқиға болды, деп жазады Alash.KZ сайты Shock News KZ арнасына сілтеп.

Астана тұрғыны қала тұрғындарына ескерту жасап, 15 жастағы ұлына біреудің тиіскенін жазды.

"15 жастағы ұлыма бір ер адам алкогольді немесе есірткіге мас күйінде қоқан-лоқы жасап, оны өлтіретінін айтып, балағат сөздермен боқтаған. Артынша оны тұншықтырып, лифтіден шығуына мүмкіндік бермей, физикалық күш қолданды. Ұлымның қолын қайырып, саусақтарын қысыпты.

Бұл адам қоғам үшін өте қауіпті екенін білулеріңізді өтінемін!" дейді. 

Астана тұрғынының айтуынша, күдікті полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, жұбайыма әлеуметтік және ұлттық алауыздықты қоздыратын сөздер айтқан. Оның жұбайы украин ұлтының өкілі көрінеді.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар