Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әділетсіз: Қаңтарда қаза тапқан Айкөркемге оқ атқан қылмыскерге жаза жылы тағайындалды

19:39, 05 шілде 2024 543

Қаралы қаңтар кезінде 4 жасар Айкөркем Мелдеханның қаза болуы туралы үкімді апелляциялық тәртіппен қайта қарады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық іс жабық сот отырысында "құпия" деген белгімен қаралды.

Сот алқасы 2022 жылдың 7 қаңтарында кешке әскери қызметші Арман Жұман жол тосқауылында болған кезде "оның қарамағындағы сарбаздарға жол тосқауылына жақындап келе жатқан көлікке оқ ату туралы заңсыз бұйрық бергенін" анықтады.

Атыс салдарынан көлікке оқ тиіп 2017 жылы туған  Айкөркем Мелдехан қаза тауып,  2006 жылы туған әпкесі Жанель Мелдеханның денсаулығына ауыр зиян келген.

Әскери соттың сот алқасы ақтау үкімін жойып, Жұманды жеті жылға бас бостандығынан айырды.

Алғашында Айкөркем Мелдеханның ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тергелді. Бірақ тергеу 7 қаңтарда көлікке кімнің оқ атқанын анықтай алмағандықтан, қылмыстық бап қайта сараланды. Арман Жұман қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды. Ол көлікке оқ атуға бұйрық берген-мыс. Алайда оның бұйрықты кімге бергені анықталмады. Қол астындағылар мұндай бұйрық болмағанын алға тартады. Қызға кімнің оғы тигені жұмбақ күйінде қалды.

Алғашында сот Арман Жұманды ақтады. Алайда кейіннен үкім өзгертіліп, ол кінәлі деп танылды. Жәбірленуші тарап апелляциялық шағым түсірді. Ақтау үкімінің күшін жоюға сол күні болған оқиғаны көрді деген куәгердің сөзі әсер етті.

– Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы куә мен жәбірленушінің айғақтары бір-біріне сәйкес келеді деп есептеді. Сондай-ақ олар тергеу эксперименті мен оқиға орнындағы айғақтарды нақтылау екеуінің де бір нәрсені айтқанына дәлел деп көрсеткеніне сілтеме жасады, деп түсіндірді адвокат Оксана Мұсохранова.

Сотталушының қорғаушысы үкіммен келіспей, ары қарай шағымдануға шешім қабылдады. Жәбірленуші тарап та қайта қарауды талап етіп, істі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша қайта саралауды талап етті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар