Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Alash.kz - ақпарат айдынына жаңа сайт қосылды

06:08, 02 наурыз 2022 263

Құрметті оқырман, ақпарат айдынына жаңа сайт қосылды. Алаштың сөзі болсын деген үмітпен сайттың атын alash.kz деп қойдық. Тәуелсіз бағытта құрылған сайтымыздың негізгі тақырыптық нысанасы: қоғамдық-саяси, әлеуметтік, экономикалық тақырыптармен бірге, білім мен спорт, медицина мен қорғаныс, әдебиет пен тарихи тақырыптарды қамтиды.


Жасыратыны жоқ, қазір не көп: сайт пен портал көп. Ол аз десеңіз, әр газеттің бір-бір сайты тағы бар. Бүгін ашылып, ертең жабылып жатқандары да аз емес. Бірақ қазақ тілді аудиторияға арналған қазақ тілді сапалы контент аз, санаулы ғана. Біздің мақсат осы кеңістікті сауатты, ауқымды қазақ тілді контентпен толтыру. Мемлекет саясатын ақпараттық қолдау, Ресей пропагандасына қарсы тұру, жалған ақпараттардың жолын кесу - біздің сайттың негізгі ұстанымы.

Қазір әлем үшін қару-жарақпен соғыстан бөлек, ақпараттық соғыстың да маңыздылығына күн сайын көзіміз жетуде. Мәселен, дүниені дүр сілкіндіріп тұрған Ресей мен Украина соғысында ақпараттық шабуылдың да үлесі бар. Бұл жағынан Киев жақсы жұмыс жасап жатыр. Сағат, минут сайын Мәскеудің қолға түскен солдаттарын көгенге тізіп, көздерін мөлдіріп тұрып алты құрлыққа таратып, Ресей агрессисын айпара қылып, өздерінің сәт сайын жеңіске жақындап келе жатқанын көрсетуде. Мейлі, бұл соғыста Путин жеңер-жеңілер, бірақ Украинаның ақпараттық соғыста мысы басып тұр. Бұл жеңіс соғыстан кейін уакрин халқының рухын бекітеді, қазіргі жүргізіліп жатқан ақпараттық шайқас соның бір дәлелі.

alash.kz сайты Қазақстан ақпарат кеңістігінде өз орны бар, бағыт-бағдары айқын, мақсаты мен міндеті нақтыланған үлкен ақпарат агенттігіне айналатыны анық!

alash.kz ұжымы 


 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар