Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әлеуметтік желіде ат үстінде еркін шапқан 3 жастағы баланың видеосы тарады (ВИДЕО)

13:46, 16 мамыр 2024 965

Әлеуметтік желіде ат үстінде еркін шапқан 3 жастағы баланың видеосы тарады, деп хабарлайды Alash.kz. 

“Жасым 3-те. Ат шаба аламын”, - дейді балақай. 

Пост астына оқырмандар түрлі пікір қалдырды. Олардың бірі балақайды "нағыз ер-азаматқа теңесе", кейбірі өзінің балаларымен салыстырды. 

“Әрең сөйлеп тұр, бірақ ат үстінде сенімді отыр ғой”, “Біздің бала-шаға дамбалын әрең киіп жүр әлі”, “Менің де ұлым 3 жаста, резеңке есекте қатты шабады”, “Ақ боз атқа мініп алыпты ғой, балақай. Міне, нағыз ел басқаратын адам осындай болуы керек. 3 жасында ат тізгінін ұстаса, 30 жасында ел тізгінін сенуге болады”, “Міне, нағыз қазақтың жігіті осылай тәрбиеден, батылдықтан басталады”, “Менің 7 жасар ұлым, ат шаппақ түгілі, бұтына шалбарын әзер киеді”, “Менің ұлым 2 жаста, ойыншық көліктен құлай береді ұстай алмай. Мына бала мықты екен. Қаланың баласы нәзіктеу болады деген осы”, - деп жазған олар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар