Алматы облысында жол апаты салдарынан төрт адам қаза тапты,- деп хабарлайды Alash.kz сайты.
12 маусымда Алматы-Шелек-Қорғас тасжолының 105-шақырымында адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы болған.
"Toyota Hiace жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік аударылған. Апат салдарынан төрт жолаушы жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты. Жүргізуші мен тағы екі жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен Шелек ауылының ауруханасына жатқызылды", - деп жазды Dalanews.kz.
Бұл дерек бойынша қажет сараптамаларды тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.
"Құрметті жүргізушілер, сіздерді рұқсат етілген жылдамдық режимін қатаң сақтап, ҚР Жол ережелерін бұзбауға шақырамыз", - деді полиция хабарламасында.