Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда жеңіл көлікпен соқтығысқан автобустың бейнежазбасы тарады

09:11, 27 маусым 2024 507

Алматыдағы апатқа ұшыраған автобустың камерасы түсіріп алған бейнежазба әлеуметтік желідегі парақшаларға жарияланды, деп хабарлайды Alash.kz сайты  inbusiness.kz порталына сілтеп.

Оқиға Mega park ойын-сауық орталығының жанында, Мақатаев және Масаншы көшелерінің қиылысында болды. Қоғамдық көлік камерасы түсірген бейнежазбадан Мақатаев көшесінің бойымен келе жатқан автобусқа жеңіл көліктің соғылғанын көруге болады.

Еске салайық, Алматыда 18-ші бағыттағы автобус апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты.

Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы автобустың ішінде болған жолаушылардың 25-і зардап шеккенін мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар