Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматының бағасы қанша тұрады? Ұлттық экономика министрі қаланың құнын айтты

15:10, 05 наурыз 2024 329

Есептің де алуантүрі бар қазір. Мысалы, Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Алматының құны қанша екенін айтты деп хабарлайды alash.kz.

Қызық сұраққа қызық жауап болды. Бүгін үкіметте өткен брифингте Нұрлан Байбазаровтан келешекте жер сілкінісі болған жағдайда Алматыда қираған нысандарды қалпына келтіруге қанша қаражат қарастырылғанын сұрады. 

"Әрине, Алматыдағы қазіргі жағдайды үкімет бақылауда ұстап отыр. Бүгін бұл мәселені естідіңіздер. Төтенше жағдайлар министрі жағдай туралы баяндады. Әрине, үкіметтің резерві бар. Ол жыл сайын бөлініп отырады. Ол бірінші кезекте техногендік авариялар мен туындауы мүмкін өзге де апаттардың салдарын еңсеруге бағытталады. Алматыда мұндай жағдай болмайды деп үміттенеміз. Әкімдік аудит жүргізіп, онда қаншасы бүлінгенін анықтайды", – деді Нұрлан Байбазаров.

Ұлттық экономика министрі аталған жұмыстың қорытындысы бойынша егер республикалық бюджетте қаражат жеткіліксіз болса, үкімет резервінен бөлінетінін атап өтті.

Бұдан бөлек, журналистер брифинг барысында министрден Алматының қанша тұратынын нақтылады.

"Алматы – еліміздің ең ірі экономикасы. Алматы – республикалық бюджеттің доноры, еліміздің қаржы орталығы. Қазір Алматының қанша тұратынын бағалау қиын. Әрине, Алматы – біздің мемлекетіміздің маңызды активі", – деп жауап берді үкімет басшысының орынбасары Нұрлан Байбазаров.

Айта кетейік, бүгін үкімет отырысы барысында әкім Ерболат Досаев Алматыда жер сілкінісі кезінде хабарлаудың жаңа жүйесі енгізілетінін мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар