Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыдағы бейбіт атом: қатерлі ісікті емдейді, асыл тастарды бояйды, мұнайдағы радиация мөлшерін де бақылайды

08:22, 07 желтоқсан 2022 259





Қазақстан қолданбалы атом технологиясын жақсы дамытып отыр. Дамудың мұндай деңгейі әлемнің көптеген елдерінде жоқ. Біз осы салада мықты жетістіктерге жеткен 25 үздік мемлекеттің қатарына кіреміз. Алатау елді-мекеніндегі Ядролық физика институты табалдырығын аттап, біздегі бейбіт атомның халыққа қандай нақты пайда беріп жатқанын көрдім.















Біріншісі – қатерлі ісік. Біздегі ядролық физика институты аты жаман ауруды сәулемен емдейтін дәрі шығарады. Оның активті «белсенді» ғұмыры бірнеше сағатқа ғана созылады. Сол уақытта ғана денеге енгізу керек. Әйтпесе, одан кейін одан пайда болмайды. Сондықтан, ол дәріге зәрулер Алматыға келіп, соны салдырып жүр. Көмегі өте зор.



Екіншісі – Алматыдағы атом реакторы «топаз» асыл тасын түрлі түске бояп береді. Қазір Германиядағы бір фирманың тапсырысын орындауда. Радияциялық сәулелену арқасында топаз ақ минералы көк, күлгін, қызыл түске әдемі болып боялып шығады. Бұл таза коммерциялық жоба.



Үшіншісі – жұмысшылардың денсаулығын қорғау. Мұнай өндіру кезінде жерасты мұнайымен радиация да қосақталып шығуы мүмкін. Сондықтан институт қызметкерлері зонд арқылы сол мұнай кеніштеріндегі радиация мөлшеріне мониторинг жасап отырады. «Қазатомпром» рудниктерін де солар бақылайды.



Біздің институт – нағыз сынақ алаңы. Мұнда сынақ қондырғылардың түр-түрі жұмыс істейді. Мысалы, 8 ірі эксперименттік қондырғы бар. ССР-Қ атом реакторы, Циклотрон, ИЛУ-10 электрон үдеткіші Алматыда, ал ДЦ-60 қондырғысы Астанада жұмыс істейді.

Ядролық физика институты қолданбалы ғылыми зерттеулерді осы қондырғылар арқылы жасайды.



Институттың ерекшелігі - оның базасында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың толық циклі жүреді. Бұл АҚШ, Ресей, Жапония, Франция, Бельгия, Швейцария сынды мықты елдердің деңгейі.

Айбар Олжай






Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар