Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыға Мәскеу циркі қонаққа келді

02:59, 25 шілде 2022 220
Қаламыздың ерекше мәдени орындарының бірі Алматы циркі. Жазда Алматыға келген бар бала ең алдымен Алматы циркіне баруға асығады. Өйткені ерекше трюктерімен таң қалдыратын акробаттары бар, әрекеттері сүйкімді жануарлары бар цирк әрқашан да көрермен көңілінен шығары анық. Әр маусымда цирк бағдарламасының сан алуандығымен де ерекшеленеді. 

Ал жақында цирк әртісі Никулиннің 100 жылдығына орай Никуллиннің циркі Алматы қаласына арнайы келді. Миллиондаған адамның кумиріне айналған атақты актер, кішкентай көрермендердің жүрегін жаулаған танымал клоун, цирк және кино актері Юрий Никулиннің циркі қаламыздың кішкентай көрермендерін ерекше қуантты. 1880 жылы негізі қаланған  Мәскеу циркіне 1996 жылдың желтоқсанында Никулиннің есімі берілген болатын. Бүгінде Никулин циркі әлемнің ең қызық деген цирктерінің қатарына енген. Сондықтан балалардың жазғы демалысында қаламызға арнайы келген цирк әртістерінің өнеріне күн сайын мыңдаған бала ағылуда.

Балалар әсіресе цирктегі акробаттар мен әуе гимнастарының өнеріне тәнтті болып, әр нөмірінде ішектерін тарта таң қалысып, қуана қол соғып қошемет көрсетіп отыруда. Цирк артистерінің бойындағы қайсарлық пен батылдыққа көрермен бас иіп, адамның мүмкіндіктерінің шексіз екеніне сендіре түсті. Тамыз айына дейін қала тұрғындарын қуантатын Никулин циркіне балалар сұранысы жоғары болып отыр.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар