«Біз кәсіпкерлеріміздің қалауын ескере отырып, тегін оқыту курстарын анықтаймыз. Биылғы жылы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының клиенттері арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, тігін және кондитерлік курстарға өтініштер көбірек түскен. Жақында осы бағыттар бойынша курстар ұйымдастырамыз. Алдағы жылдың үшінші және төртінші тоқсанында тағы бірнеше оқу курстары жоспарланған», – деп түсіндірді орталықтың менеджері Әсел Жарасова.
Маман өткен жылы «пішу және тігінші», «кондитер-декоратор» және «гүл өсіруші» курстарында өз ісін ашып, дамыту мақсатында 60-тан астам қыз-келіншек жұмысшы мамандықтары бойынша білім алғанын еске салды. Олардың барлығы оқуды сәтті аяқтап, сертификаттарға ие болды.
«Курс өте жақсы өтті. Кәсіпкерге де, флористке де көптеген танымдық дүниелер білдік. Кәсіпкердің өзі, жаттықтырушының қырлары неде, қандай қателіктер бар екенін жете түсіндіріп берді. Негізгі курс бойынша біз көптеген пайдалы ақпарат пен дағдылар алдық. Жаттықтырушыға және Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына ерекше алғыс айтамыз. Орталық әйелдерге қамқорлық жасайды, бұл тек қамқорлық емес, бұл әйелдің білім алуына, тұлға болып өсуіне мүмкіндік», – деді флористика курсының қатысушысы Камила Өтепбергенова.