Осыған байланысты әлеуметтік желіде Қазыбек Исаның депутаттық сауалын Мәжілістегі 107 депутаттың 38-і қолдап қол қойғаны жайында айтылды. Сондай-ақ депутаттық сауалға қол қойғандардың тізімінде Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті (депутат) Берік Әбдіғалиұлының, Ерлан Сайыров пен Айдос Сарымның жоқтығы айтылды.
Берік Әбдіғалиұлы әлеуметтік желіде шындыққа жатпайтын ақпарат тарап кеткенін айтып, жазба қалдырды. Сондай-ақ Мәжілісте ана тілімізге байланысты ешқандай дауыс беру болмағанын айтты. Ол жерде тек «Ақжол» партиясының депутаттық сауалы болған.
Ертең Қазыбек Иса әріптесіміз өзі тағыда түсіндіріп берер. Ал «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасы туралы айтатын болсақ, «Қазақ тілі» қоғамы қолдайды, оның жобасы дайындалып жатыр, – деп жазды депутат.