Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әнұраннан Назарбаевтың атын алып тастау керек - Айдын Рысбекұлы

16:32, 04 маусым 2024 553

Бүгін Мемлекеттік рәміздер күні. Геральдист Айдын Рысбекұлы "Халық үніне" берген сұқбатында Әнұранды өзгерту, мемлекеттік тудың мәртебесі, Елтаңба мен өңірлік нышандар туралы айтқан.

Айдын Рысбекұлы Әнұран авторларының бірі Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атын алып тастау қажет екенін айтты деп хабарлайды Alash.kz.

«Әнұран дегенге қарсымын. Әннің ұраны болмайды, елдің ұраны болады. Әннің қалай жазылғаны, қандай мақсатта жазылғаны қазір айтылып жатыр. Музыка мамандарының айтуына қарағанда, бұл марш әуенінде жазылған. Елұран адамды жігерлендіретін, еліне деген патриоттық сезімін оятатын уытты, энергетикалық өрісі өте жоғары, адам тыңдаған кезде адам өзі қанаттанып, көзі жанып, еліне-жеріне деген сезім атойлап шығуы керек. Қазірге Әнұранда бұл жеңіл, бұрынғы Әнұранды кәсіби композитор жазған. Ол Әнұранның мәтіні өте жақсы. Ол Әнұран советтік стильде жазылған», - дейді Айдын Рысбекұлы.

Маман ескі Әнұранды қайтарудың қажеті жоқ екенін айтады.

Сондай-ақ Айдын Рысбекұлы Әнұран авторлығынан Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атын алып тастау қажет деп санайды.

Міндетті түрде алынуы керек. Ол кісі қосалқы автор болып тіркелді. Негізгі авторлары қайтыс болып кетті, - дейді Рысбекұлы.

Маман Елтаңбаны ауыстыру қажет деп санайды.

«Елтаңбадағы 41 элемент бар. 41 элементті Елтаңбаның авторы біледі. Одан кейін дәріс оқып жүрген лекторлар біледі. Геральдика қағидасы бойынша Елтаңбада қай мемлекеттікі екені жазылмауы керек. Елтаңбаның сипаты сөйлеп тұруы керек. Қараған кезде қай мемлекетке тиесілі екені көрініп тұруы керек. Деталь мейлінше халыққа, мектеп оқушыларына есте сақталатындай жеңіл болуы керек. 41 элемент деген өте көп», - дейді Рысбекұлы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар