Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға оралды ма?

21:00, 01 сәуір 2024 672

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында ресми өкілден журналистер әлеуметтік желіде жарияланған "Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға оралды" деген ақпараттың рас, не жалғандығын сұрады.

Айбек Смадияров бұл мәліметті растамады.

"Бізде мұндай ақпарат жоқ. Ол расталмаған. Сіз Tik Tok-тағы ақпаратты айтып тұрған шығарсыз. Онда сенімсіз мәлімет жариялана да береді", - деді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, 2014 жылы наурызда Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай Гуанчжоу әуежайында ұсталған еді. Оған шекарадан 4,5 келі есірткі алып өтпек болды деген айып тағылды. Ол ұсталған кезде 20 жаста болған. 2015 жылғы маусымда Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар