Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

АҚШ Қорғаныс министрі Қытайды елдің басты қарсыласы деп атады

10:01, 03 мамыр 2024 808

АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин Өкілдер палатасының Қарулы күштер комитетіндегі тыңдауда Қытайды елдің басты қарсыласы деп атады.

Пентагон басшысының айтуынша, 2025 қаржы жылына арналған бюджет АҚШ Қорғаныс министрлігіне бірнеше қиындықтарды, әсіресе Қытайдан келген қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Қазір Қытай Халық Республикасы Құрама Штаттардың қару-жарақты жетілдіруде басты бәсекелесі және елге қауіп төндіретін басты қарсыласына айналып отыр.

Біздің қаржыландыру туралы өтінішіміз мақұлданса, Америка Құрама Штаттарына басты қиындық тудыратын Қытайға сенімді және дер кезінде қарсы тұруға мүмкіндік береді, –  деді Остин.

Басқа сын-қатерлердің қатарында ол Ресей, Иран мен оның бақылауындағы топтарды, КХДР мен халықаралық террористік ұйымдардың қаупін атады.

Наурыз айында АҚШ президентінің әкімшілігі Конгрестен 2025 қаржы жылында Пентагон бюджетіне 849,8 млрд доллар бөлуді сұраған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар