Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтауда мүгедектігі бар адамдарды жеке пайдасына қолданып, қайыр сұрауға мәжбүрлеген

15:57, 24 сәуір 2024 410
Маңғыстау облысы прокуратурасы мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеп, оларды заңсыз ұстау фактісін анықтады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеме көрсете отырып. 

2024 жылғы 24 сәуірдегі ақпаратқа сенсек, заңсыз "мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген" факті "Кедергісіз қала" пилоттық жобасын іске асыру аясында анықтаған.

"Аталған заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, оның нәтижесімен 22.04.2024 жылы Ақтау қаласының аумағында құқық бұзушылық жасауға қатысы бар тұлғалар ұсталды."Маңғыстау облысының прокуратурасы

Аталған факті бойынша полиция департаментімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 128-бабының 2-бөлігі 1, 6-тармақтарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

"Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды."Маңғыстау облысының прокуратурасы
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар