Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Арыстанбек Мұхамедиұлы 7 миллиард теңге "жеген" бе?

08:54, 26 тамыз 2022 278
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры А.Мұхамедиұлы мен басқа да тұлғаларға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану дерегі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Антикор мәліметінше, тергеу "Алтын адамның" әлем мұражайлары бойынша шеруі" халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ "Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу" және "Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру" жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, А.Мұхамедиұлының мәдениет және спорт министрі лауазымында болған кезінде туыстарының және үлестес тұлғаларының меншігіне "Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" РМҚК, "Қазақ энциклопедиясы" АҚ және "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" ЖШС заңсыз беруге қатыстылығы тексеріліп жатыр.
"Тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 7 миллиард теңге.

А.Мұхамедиұлының қамауда ұстау мерзімі 4 айға дейін, осы жылдың 26 қыркүйегіне дейін ұзартылды. Тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар