Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, қазіргі Ұлттық мұражай директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекет басшысынан өзіне қатысты жалған айыппен түрлі тексерулер жүріп жатқанын айтып, араша сұрады.
– Продюссер Тұңғышбай Жаманқұлов айыбын бетіне басқаным үшін, мені ата жауындай көріп, күні бүгінге дейін жөн-жосықсыз арызданып келеді. Әрине, «қаһармандар» азуын көрсетуден қайтар емес. Кез-келген ілкімді сәтті пайдаланып, Өзіңіздің атыңызға, басқа да құрылымдарға еш негізі жоқ шатпақ шағымдарын шаршамай жазып келеді. Оның ту сыртында кезінде Дариға Назарбаеваның, Бағлан Майлыбаевтың, Ермек Аманшаевтың тұрғанын және де солардың айдағы екені де белгілі. Әлбетте, қисапсыз тексеру, тергеу амалдары да жүрді. Бірақ, менің ар-ұжданым таза! Жеке басымды қаралаған бірде-бір факт дәлелденбеді.
Кейінгі кезде, енді арыз иелері музейде кеткен бұрыңғы кінәраттарды да маған жапсыра салғысы келеді. Осыған орай, негізсіз тексерулерге тосқауыл болуыңызды сұраймын! – деп жазды ол сөз соңында.
Әлеуметтік желі қолданушылары Арыстанбек Мұхамедиұлының іскер азамат екенін айтып, белсенді түрде ой бөлісуде.