Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астана қаласында қандай ұлттық жобалар жүзеге асып жатыр?

20:38, 17 мамыр 2024 466

Елімізде білім беру саласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңа бастамалар бастау алмақ. Ұлттық жобаның басты мақсаты балалардың заманауи, жайлы кеңістікте білім алуы. Осы мақсатта 2025 жылға дейін Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде еліміздің түкпір-түкпірінде жоба қолға алынуда. Бұндай жобалардың жүзеге асуы апатты, ескі, жылусыз, жарықтандырылмаған, тар болуы себепті де мақсатты, ауқымды жобалардың бірі. Аталған мақсатқа жету екі негізгі міндетті шешу арқылы жету жоспарланған: 2026 жылға дейін қалалар мен ауылдық елді мекендерде ағымдағы және болжанған оқушы орындарының тапшылығын болдырмау үшін кемінде 740 мың жаңа оқушы орнын (екі ауысымда оқыту кезінде) іске қосу. Ұлттық жоба аясында енгізілген орта білім беру ұйымдарында қолайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құру. Бұған дейін жоба аясында Жамбыл облысында 9500 оқушыға арнап 12 мектептің құрылысы басталса, енді міне елордамыз Астана қаласында да жалғасын тауып жатыр.

Қазіргі таңда өңірде 34 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұл оқу орындарында екі ауысымда 102 мың оқушы білім ала алады. Астанада халық саны, соның ішінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар саны жыл сайын артып келеді. Осыған байланысты елорда әкімдігі жыл сайын жүйелі түрде жаңа мектептер салуда. Биылғы 2023-2024 оқу жылында 12 мектеп салынды. Қазір 34 мектептің құрылысы жүріп жатыр, оның 25-і жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі. Есіл ауданында – 9, Нұра ауданында – 7, Байқоңыр және Сарыарқа аудандарында – 2, Алматы ауданында – 5 жаңа мектеп салынбақ. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдары 90 мың орындық 24 жайлы мектеп салу жоспарланған. Оның 15-і қарқынды дамып келе жатқан Есіл мен Нұра аудандарында орналасады. 2028 жылға қарай екі ауысымда 200 мыңға жуық оқушы орнын қамтитын 80-нен астам мектеп салу жоспарланып отыр.

Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің мәлімдеуінше, жылдың соңында 23 мектеп салынып, құрылысы аяқталып, қолданысқа беріледі. Оның 15-і ұлттық жоба аясында салынады. Олар қаладағы Есіл мен Нұра ауданында бой көтермек. Ал жалпы 2028 жылға дейінгі алдын-ала жоспар бойынша 200 мың оқушыға арналған 80 мектеп салынбақ. Бұның барлығы жас ұрпақтың сапалы білім мен заманауи инновациялармен дамуына жақсы серпін болмақ. Сонымен бірге, өңірдегі жалпы елді-мекендерге балабақшалар мен балалардың, оқушылардың дамуына қажетті шығармашылық орталықтар да салыну жоспарлануда.

Айта кетейік, сонымен бірге қала маңындағы ауылдық елді-мекендерде денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша ұлттық жобалар жүзеге асырылмақ. Солардың бірі 2024 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МСАК) деңгейінде 556 медициналық нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеген болатын.

Ұлттық жобаның екінші тапсырмасы аясында 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 12 жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы бар, оның ішінде 9 жобаға республикалық бюджеттен қаржыландыру қарастырылған. Аталған ауруханаларды материалдық-техникалық жарақтандыруға 33,6 млрд теңге сомасында шығыстар қарастырылған, бұл оларды жоғары мамандандырылған құрал-жабдықтармен жабдықтауға мүмкіндік береді.

Ұлттық жоба аясында Астана қаласында 2023 жылы бірегей жабдықтармен жарақтандырылатын Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысы аяқталды, сонымен бірге азаматтар үшін медициналық скринингтер  кеңейтілді. Әрі дәрігер мамандардың тапшылығын шешу үшін де бірнеше тиімді шешімдер қабылданған. Әрі мамандарды жұмыспен қамту мәселесін де шешу үшін ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғыртудың ұлттық жобасы аясында еліміздің елді мекендерінде алты жүз елуден астам медициналық мекеме салу қолға алынған болатын.

Астана қаласының әкімдігі елорда тұрғындары үшін қолжетімді білім беру мүмкіндіктерін құру мақсатында 18-ден 50-ге дейін шолу алаңдарын ашуды көздейтін JOLTAP жобасын іске асыруда. JOLTAP оқыту бағдарламасы қатысушыларға кассалық қызмет көрсетуден бастап клиенттерге қызмет көрсету саласындағы кәсіби дайындыққа дейінгі әртүрлі салаларда қажетті білім мен дағдыларды қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылған. Бұл жоба тұрғындардың кәсіби дамуына ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар қаладағы қызметтердің сапасын жақсартуға жаңа мүмкіндіктер туғызады. JOLTAP-та оқытуды тәжірибелі оқытушылар достық және қолдау атмосферасында жүргізеді, бұл қатысушыларға материалды тиімді игеруге және оны іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді. Бағдарлама аяқталғаннан кейін әркім өзінің жаңа білімі мен дағдыларын растайтын сертификат ала алады.

Сонымен бірге, биылғы жылы қалада «Қарызсыз қоғам» жобасы жүзеге асырылуда, оның мақсаты – азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру. Мамандар биыл 9 мыңға жуық адамды оқытуды жоспарлап отыр. Кез келген адам курсқа Qogamfin.kz арнайы білім беру платформасы арқылы онлайн тіркеле алады. Жоба бойынша оқыту бір уақытта 5 жерде ұйымдастырылып, әр жерде 50-ге жуық адам оқытылады. Курс 5 күнге созылады және оқу тілін таңдау мүмкіндігін береді. Курс бағдарламасы отбасылық бюджетті жоспарлаудан бастап инвестициялар мен брокерлік компанияларға дейін әртүрлі тақырыптарды қамтиды. Сондай-ақ мүшелер бір жыл бойы тегін заңгерлік кеңес алады. Бұл бағдарламаның қосымша артықшылығы жоба аясында әрбір қатысушы бір жыл бойы тегін заңгерлік кеңес ала алады. Сарапшылар қаржы ұйымдарымен жасалған келісімдер бойынша көмек көрсетуге және қажетті құжаттарды дұрыс толтыруға көмектеседі. Жобаның негізгі мақсаты – азаматтарға қаржылық білім мен өз қаржысын сәтті басқару дағдыларын беру. Жоба елорда тұрғындарының едәуір бөлігін қамтуды және оларға қаржылық жоспарлау мен басқарудың негізгі принциптерін меңгеру мүмкіндігін беруді жоспарлап отыр. Сарапшылар жоба аясындағы оқыту азаматтардың қаржылық жағдайын жақсартуға және қаржылық мәселелерге деген сенімін арттыруға көмектеседі деп күтеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар