Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанадағы бір бөлмелі пәтерге 937 адамның тіркелгені анықталды

15:53, 10 шілде 2024 598

Елорда прокуратурасы көші-қон заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру шеңберінде жалпы ауданы 35,7 шаршы метр бір бөлмелі пәтерде 937 адам тіркелгенін анықтады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

«Мемлекеттік айыптаушы — прокурор тұрғын үй-жайды беру арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастырған сотталғанның кінәсін дәлелдеді.
Сот үкімімен «резеңке» пәтердің иесі ҚК-нің 394 — бабының 1 — бөлігі бойынша сотталды», — деп жазды бақылаушы органнан.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар