Елорда әкімі Жеңіс Қасымбектің сөзінше, алып құрылысты аяқтауға екі немесе екі жарым жыл керек.
Еске сала кетейік, бұған дейін көлік министрі Марат Қарабаев Астанадағы LRT құрылысына 2023 жылы 45 млрд теңге, ал жұмыс ауқымы кеңейсе,150 млрд теңгеге дейін сұралатынын айтқан болатын.
Елордада жеңіл рельсті жобаны жүзеге асыру 2011 жылы басталғанымен, оның жыры жылдарға ұласты. Елордада қала әкімдері ауысты – олардың кейбіреулері жобаны қабылдамады. Соған қарамастан “жемқорлықтың ескерткіші” деген лақап атқа ие болған LRT-ге ақша бөлінген. Бұған дейін Астанада LRT ісі бойынша сотталушылардың үкімі өзгеріссіз қалған еді.