Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Атауы түсініксіз ауыл". Атышулы Пенжім ауылы Атамекен болып ауысты

07:34, 19 ақпан 2024 467
Жетісу облысында бірнеше елдімекеннің атауы өзгерді. Бұл туралы облыстық мәслихат депутат Гүлназ Мұстафа жазды.
«Пенжім енді Пиджим де, Пенжім де, Бенжім де емес. Атауы түсініксіз ауыл Панфилов ауданында орналасқан. Енді ол «Атамекен» деп аталатын болады. Ал сол өңірдегі тағы бір ауыл – Лесновка елді мекеніне Талды атауы қайтарылады. Алакөл ауданының Жыланды ауылдық округіне қарасты Әшім ауылына да бұрынғы Төңкеріс атауы қайтарылады», – деп жазды Гүлназ Мұстафа.

Сонымен қатар, Талдықорған қаласының  9-шағын ауданы Құлагер, 10-шағын ауданы Әл-Фараби деп аталатын болды. Ал қаладағы Ворошилов пен Невский көшелері бұдан былай Нұрғиса Тілендиев, Абдұлхақ Абдұлхалықовтың атын алады. Шайқорған мен Балауса деп аталатын құрамдас бөлігіндегі барлық көшелеріне жаңа атаулар берілді. Өйткені олар осы күнге дейін тек реттік сандарымен ғана айтылатын.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар