Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры үйқамақта - БАҚ

17:37, 05 наурыз 2024 668

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (АМӨЗ) бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратов үйқамақта отыр, деп хабарлайды Alash.kz «Ақ Жайық» газетіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекетке аса ірі залал келтіру түріндегі ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді Атырау облысы бойынша АФМ департаменті жүргізеді.

Мұрат Досмұратов мұнай өңдеу зауытының басшысы қызметін 2022 жылдың шілдесінен 2024 жылдың ақпанына дейін атқарды.

Мұрат Досмұратов 1985 жылы И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «инженер-химик-технолог» мамандығы бойынша бітірді. 1990 жылы осы оқу орнында техника ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.

Әр жылдары «KPI» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өңдеу департаментінің директоры, «Біріккен химиялық компания» ЖШС техникалық даму қызметінің бастығы болды.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар