Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атырауда аудан әкімі зенге батып кетті

05:47, 01 тамыз 2022 229
Ол 39 жаста еді.

Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі Жайық өзеніне батып кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл деректі Махамбет ауданының әкімдігі мен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы растады. Оқыс оқиға туралы департаменттің диспетчер пультіне 31 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 22:38-де хабар берілген. Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш Ортақшыл ауылының тұсында Жайық өзеніне суға түскен.

Бірақ судан кері шықпай қалған. Оқиға орнына департаменттің жедел құтқару жасағынан 3 сүңгуір іздеу жұмысына кірісті. Әзірге суға кеткен әкімнің денесі табылған жоқ. Ринат Жанқылыш Махамбет ауданының әкімі лауазымына 2021 жылғы ақпан айында тағайындалған еді.

Ол 1982 жылы 2 желтоқсанда Атырау қаласында дүниеге келген.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар