Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ай сайын миллион теңге". Ақмола облысында мемлекеттік қызметкерлерге негізсіз сыйақы берілген

16:59, 15 сәуір 2024 572

Ақмола облысында мемлекеттік мекеменің бірінің қызметкерлеріне негізсіз сыйақы төлеу фактілері анықталды. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді.

Қадағалаушы органның ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, Степногорск қаласының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында мемлекеттік органның қызметкерлеріне негізсіз сыйақы төлеу фактілерін анықтады.

"Мемлекеттік мекеме екі жыл ішінде заңнамада белгіленген шығыстардың түрлері бойынша үнемдеу болмаған кезде қызметкерлерге 13,4 млн теңге сомасына негізсіз сыйлықақы бергені анықталды. Мысалы, тек үш айдың ішінде мекеме 6,6 млн теңге сомасына 6 қызметкерге негізсіз сыйақы берді. Әр қызметкердің сыйақысының мөлшері 1 млн теңгеден асты", - делінген прокуратура хабарламасында.

Осы фактілер бойынша қала прокуратурасы мемлекеттік мекеменің атына қадағалау актісін енгізді. Облыстық прокуратура өкілдері қазіргі уақытта мемлекеттік бюджетке ақша қаражатын қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлңмдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар