Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Айбын" орденіне Нұрмағамбетовтің, Момышұлының және Қошқарбаевтың есімдері берілді

19:51, 26 сәуір 2024 521

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды alash.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 15 наурызда Ұлттық құрылтайдың "Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс" атты үшінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Заңына түзетулер енгізілді.

Заңда "Айбын" орденінің дәрежелеріне даңқты батырларымыз Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру қарастырылған.

І дәрежелі "Айбын" ордені Сағадат Нұрмағамбетов;

ІІ дәрежелі – Бауыржан Момышұлы;

ІІІ дәрежелі – Рақымжан Қошқарбаев есімі берілді.

Заң ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Естеріңізге сала кетейік, Тоқаев 15 наурызда Ұлттық құрылтай отырысында "Мемлекеттiк наградалары туралы" заңға осындай түзетулер енгізуді тапсырған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар