Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Аида Балаева блогерлерге қатысты жаңа ереже күшіне енетінін айтты

09:35, 22 ақпан 2024 445

Қазақстанда блогерлерден посттардағы жарнамаларды таңбалауды талап етті. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жаңа ережелер туралы түсіндірді.

Балаева Facebook парақшасында жазба жариялап, көпшілікке үндеу жасады.

Министрдің жазуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 10 шілдеде Мемлекет басшысы «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңға қол қойды деп еске салды.

Заң жобасы Қазақстанда қауіпсіз онлайн орта құруға бағытталған. Құжаттағы көрсетілген негізгі құқықтық тетіктердің бірі – желідегі жарнаманы таңбалау міндеттемесі.

«Біз зерттеген халықаралық тәжірибе көрсеткендей, жетекші елдер онлайн-жарнаманың маңызды рөлін және оны онлайн-платформаларда көрсету тетіктеріне ерекше назар аударады. Сонымен қатар онлайн-жарнаманың ашықтығын арттыруға бағытталған талаптарды көздейді. «Әділет» порталында желідегі жарнаманы таңбалау ережелерін белгілейтін бұйрық жарияланды. Ол ереже 2 наурыздан бастап күшіне енеді. Ережелер бизнеске әсер ету үшін оң бағаланғанын және толығымен Қазақстанның онлайн сегментінде кең таралған қазіргі тәжірибеге негізделгенін атап өту қажет. Осы ережелерді қалыптастыру кезінде коммерциялық негізде орналастырылған контентті өз бетінше белгілейтін медиа-субъектілер тәжірибесіне сүйендік. Біз өз кезегімізде осы трендті Қазақстан Республикасының бүкіл интернет кеңістігіне тарату жөн деп есептейміз. Одан өзге осы ережеге сәйкес инфлюенсерлер (блогерлер) коммерциялық немесе шарттық негізде орналастыратын онлайн-жарнаманы таңбалауға тиіс», – деп жазды Балаева.


Олар жарияланымның басында немесе соңында онлайн ортада белсенді қолданылатын төмендегідей тұжырымдардың бірін көрсету керек:

- "жарнама";

- "жарнамалық материал";

- "серіктестік материал";

- "демеушілік материал";

- "жарнама құқығында";

- "демеушімен төленген";

- "PR құқығында";

- "реклама";

- "рекламный материал";

- "партнерский материал";

- "спонсорский материал";

- "на правах рекламы";

- "оплачено спонсором";

- "на правах PR".

Министр ережелер осы жылдың 2 наурызынан бастап күшіне енетінін айтты.

Сілтемені басу арқылы онлайн платформалар мен онлайн жарнамалар туралы заң туралы толығырақ білуге болады.

Фото: Aida Balayevaның фейзбуктегі парақшасынан

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар