Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әйелді пышақтап, кейін пәтерді өртеп жіберген: Ақтауда сұмдық жағдай орын алды

11:02, 16 сәуір 2024 578

Ақтау қаласында 14 ықшам ауданындағы пәтерден әйел адамның мәйіті табылды. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді. Жергілікті Lada.kz басылымына марқұм әйелдің көршілері болған жайтты толығымен баяндап берген. 

Қайтыс болған әйелдің есімі - Парахат. 1972 жылы туған келіншек. Ол 9-қабатты үйдің 2-ші қабатында тұрған. Көршілерінің айтуынша, өліміне күдікті деп танылған ер адам марқұмның сүйіктісі болған секілді.

Көршілерінің айтуынша, әйелді пышақтап өлтірген, кейін күдікті пәтерді өртеп жібермек болған.

Сағат таңғы бесте барлығымыз 10 минутқа далаға шықтық. Бұл кезде полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер келген болатын. Күдіктіні 9-қабаттан ұстады. Өрт сөндірушілерді 2-қабаттағы көршілер шақырған,-деді көршісі.

Полиция департаменті жағдайға қатысты егжей-тегжейлі түсініктеме берді.

«Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі сәйкес басқа мәліметтер жарияланбайды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар