Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Айыртауда 22 жастағы келіншек пен інісі суицид жасады

11:48, 30 сәуір 2024 1763

СҚО-да 22 жастағы келіншек пен інісі суицид жасады. Бұл туралы polisia.kz мәлімдеді. 

Қайғылы оқиға 28 сәуірде Айыртау ауданында болған. Полицейлер өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бірінші болып 22 жастағы келіншек қорада асылып қалған. Оның артында 1,5 жасар баласы қалды. Әпкесінің қайтыс болғанын білген інісі орманға қашып кеткен. Кейін ол да асылған күйінде табылды.

Інісі мен әпкесі ата-әжесімен бірге тұрған.

«Өзін-өзі өлтіруге итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады СҚО полиция департаменті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар