Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бағдат Мәнізоров "аса ірі көлемде алаяқтық жасады" деген күдікке ілінді

06:53, 30 маусым 2022 197
Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бағдат Мәнізоров "қызмет бабын пайдаланып, аса ірі көлемде алаяқтық жасады" деген күдікке ілінген. Бұл ақпаратты КазТАГ бас прокуратура мәліметіне сүйеніп таратты.



"Алматы қалалық полиция департаменті М.А. деген азаматтың шағымы бойынша 2022 жылы 13 мамырда қылмыстық іс қозғаған" - дейді бас покуратура.

Басылым "Мәнізоров бірнеше базардың иесі" және "шағымданушының талабы базарға байланысты" деп жазады.

2019 жылы қыркүйекте жемқорлықпен күрес қызметі Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың ұсталғанын хабарлаған. Көп ұзамай "қылмысы жотығына байланысты" қайта босаған. Жемқорлықпен күрес қызметі "мұнымен келіспейтінін, қарсылық жазатынын" мәлімдеген. 2019 жылы бас прокуратура жемқорлықпен күрес қызметінің істі қайта қозғау туралы шағымынан бас тартқан.

Бағдат Мәнізоров 2020 жылдың ақпанына дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары болған. Оған дейін Алматы қаласында жоғары лауазымды қызметтер атқарған.


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар