Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Байзақтағы жарылысқа кінәлі деп танылған сарбаздарға 23 млрд теңге төлеу міндеттелді

16:49, 10 қыркүйек 2024 1586

Байзақтағы жарылыс ісіне кінәлі деп танылғандар көп мөлшерде залал шығынын өтеуге тура келеді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Stan.kz ақпаратына сәйкес, Шымкент қалалық азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты қорғаныс министрлігінің 4 жауапкерден 25 093 038 236 теңге материалдық залалды өндіру туралы талабы бойынша істі қарады. 4 жауапкердің екеуі – сарбаз.

“2021 жылдың 26 тамызында сағат 18:40 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қайнар жол торабында орналасқан №28349 әскери бөлімінің инженерлік оқ-дәрілер қоймасының бірінен өрт шығып, одан кейін жарылыстар болған. Нәтижесінде 18 адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шекті. Сондай-ақ мемлекет пен жеке тұлғаларға аса ірі мөлшерде залал келтірілген”, – деп мәлімдеді сот.

Жауапкерлердің кінәсі 2024 жылғы 13 наурыздағы заңды күшіне енген апелляциялық сот актілерімен дәлелденді.

Жауапкерлер әскери бөлімнің техникалық аумағында №14 инженерлік оқ-дәрілерді сақтау қоймасында өрт шығуына жол бергендіктен, аса ірі мөлшерде шығын келгені анықталды.

Енді олар 23 764 530 881 теңге мемлекет пайдасына материалдық шығынды төлеуі керек.

Дәлел болмағандықтан, қалған 1 328 507 355теңгені төлемейді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар