Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Байқоңырда қазақ қыздары Ресей туын ұстап соғысқа қолдау бірдірді

05:11, 10 наурыз 2022 347
 



Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағында жергілікті әкімдіктің, «Роскосмос» мемлекеттік компаниясы мен «Будущее Байконура» жастар қозғалысының ұйымдастыруымен Ресейдің Украинадағы «әскери операциясын» қолдау мақсатында жиын өтті деп хабарлады turkystan.kz.
Байқоңыр

Мәскеу Қызылорда облысындағы Байқоңыр айлағын 2050 жылға дейін жалға алған. Осы уақыт аралығында Байқоңыр Ресейдегі федералдық маңызы бар қала санатына ие болады.
Байқоңырда қазақ қыздары Ресей туын ұстап соғысқа қолдау бірдірді

Келісімшарт бойынша, Ресей ай сайын Қазақстанға 115 млн доллар төлеуі тиіс. Соңғы жылдары Байқоңырдан ұшатын зымырындар азайған. Ал биыл Ресей зымырандарды ұшыруды уақытша тоқтатып отыр.

24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Украинаны «демилитаризациялау» бойынша арнайы операцияның басталғанын жариялады. Ресей әскері көрші елдің аумағына басып кіргеннен кейін Ресейге санкциялар салына бастады. Сонымен қатар, Батыс елдері кейбір ресейлік банктерді SWIFT халықаралық банктік төлемдер жүйесінен ажыратуға келісті.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар