Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Байрағымызды пайдалану тәртібін қайта қарау керек

03:41, 02 маусым 2022 272
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік туымызға қатысты пікір білдіріп, байрақты пайдалану ережесін қайта қарау керек екенін айтты.

Президент әлеуметтік желіде туды қадірлеу туралы ой-пікірлер айтылып жүргенін жеткізді. Сондай-ақ, рәміздерімізді қастерлеу – әр азаматтың перзенттік парызы екенін еске салды.
– Жастардың отаншылдық рухын күшейту керек. Қазір әлеуметтік желіде Мемлекеттік туды қадірлеу туралы көптеген ой-пікірлер айтылуда. Өкінішке қарай, қасиетті көк туымызға байланысты орын алған жағымсыз жағдайлар азаймай тұр. Сондықтан байрағымызды пайдалану тәртібін қайта қарау керек деп ойлаймын. Қажет болса тиісті заңдарға өзгертулер енгізуге болады. Өйткені көк туымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы. Мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеу – әр азаматтың перзенттік парызы,– деді Тоқаев.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар