Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Балалары өлсе де кезегі қала береді: 4 баласынан айырылған анаға үй берілмейді

17:20, 20 қараша 2024 829

2024 жылдың 17 қарашасында Астанада жалдамалы коттедже тұрған жалғыз басты ананың төрт баласы сол үйдегі өрттен қаза тапқан еді, деп хабарлайды Alash.kz  Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

«Бұл мәселе (баспана беру мәселесі - ред.) көтерілген жоқ. Менің білгенім, бұл отбасы қазір үй кезегінде тұр. Кезек бойынша келесі жылы кезектері келіп қалар. Олар көп балалы отбасы санатымен кезекке тұрған. Сол кезекте қалады. Заң бойынша, балалары өлсе де кезегі қала береді», - деді Астана әкіміЖеңіс Қасымбек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар