Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бар қазақты бауырындай көретін бала. Астанада 7-cынып оқушы бес жасар баланы құтқарып қалды

09:47, 22 мамыр 2024 1096
Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде № 31 мектеп-гимназиясы, 7 "д" сынып оқушысы Ақан Әкімжанов қайғылы жағдайдың алдын алып, кішкене жүрегімен үлкен ерлік жасады. Өзінің де елгезек, көпшіл бала екені хабарланды. Оның барлық қазақ баласына бауырмал әрі туғанындай қарайтыны жалпақ жұртты сүйсіндірді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

20 мамыр күні Ақан аулада ойнап жүрген. Оқушы 4-ші қабаттағы балконда ілулі тұрған баланы байқап қалған.

Ақан уақыт оздырмай бірден қимылдап, балконда ілініп тұрған 5 жасар баланы құтқарып қалды. 

Астана әкімдігі бейбіт күннің батыры жайлы дерек бөлісті: 

"Ақан Әкімжанов - көпбалалы отбасынан шыққан. Ол өзінің осынау әрекетін кішкентай баланы көргенде ойланбастан жасағанын әрі өзінің де іні-қарындастарының бар екендігімен түсіндірді", - деп хабарлады әкімдік.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар